ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІБИ
PR ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ
Біз кәсіби мамандарды біріктіреміз, коммуникация саласын дамытамыз,
PR-мамандарды сертификаттаудан өткіземіз,
бизнес пен қоғамның беделін нығайтамыз


СЕРТИФИКАТТАУДАН ӨТУ
Халықаралық мойындау
2014 жылдан бері ICCO және PR саласындағы
өзге де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнаттық
Ұлттық сертификаттау
PR-мамандардың біліктілігін арттыруға және растауға арналған үш деңгейлі кәсіби оқыту бағдарламасын құрадық
Ақ Мерген Awards
PR саласы мамандарына арналған тәуелсіз ұлттық сыйлықтың ұйымдастырушысымыз

»
PR PRO МЕКТЕБІ
Қазақстан республикасының
Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығы
Қазақстан Республикасының Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығы (НАСО РК) 2001 жылдың 20 маусымында PR және коммуникация нарығында кәсіби қызмет көрсететін бірнеше компанияның бастамасымен құрылған.

НАСО-ның негізгі миссиясы – Қазақстанда кәсіби коммуникация саласын қалыптастыру және дамыту.

НАСО халықаралық деңгейде саланың мүддесін білдіретін ICCO ұйымының мүшесі болып табылады. Қауымдастық халықаралық нарықтық зерттеулерге қатысып, коммуникация саласындағы үздік тәжірибелерді (best practice) жергілікті нарықта жылжытады.

НАСО, ашық хаттар, қоғамдық іс-шаралар және саланың мүддесін қорғау бойынша бастамалар арқылы коммуникация индустриясының мүдделерін белсенді түрде қолдайды.

Толығырақ
НАСО-ға мүше болу
НАСО мүшелігі – кәсіби қауымдастыққа, салалық сараптамаға және өсуге, сонымен қатар ынтымақтастыққа әрі кәсіби танылуға арналған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Қауымдастық мүшелері:
– Қазақстанның PR-индустриясын дамытуға қатысады
– кәсіби іс-шаралар мен салалық нетворкингке қол жеткізе алады
– кәсіби сертификаттаудан өтуге мүмкіндік алады
– тәуелсіз сыйлықтар мен кәсіби бастамаларға, оның ішінде «Ақ Мерген» сыйлығына қатысуға мүмкіншілік
– ICCO желісі арқылы халықаралық кәсіби қауымдастықпен өзара байланыс орнатады
– тәжірибе алмасуға, кәсіби диалог жүргізуге және коммуникация саласындағы үздік тәжірибелерді жылжыту үшін алаңды пайдалану.

Қазақстандағы коммуникациялар саласының болашағын қалыптастыратын кәсіби қауымдастыққа қосылыңыз.
Өтінім беру
PR-МАМАНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СЕРТИФИКАТТАУЫ
НАСО сертификаттауы — бұл Қазақстанның коммуникация саласын дамытуға қосқан құзыреттерді, кәсіби тәжірибені және үлесті мойындау

Сертификаттаудан қалай өтуге болады?
Қазақстан Республикасы PR-мамандарының кәсіби сертификаттауы
НАСО РК кәсіби стандарты мен коммуникация саласындағы халықаралық тәжірибелер негізінде кәсіби біліктілікті растау.
Сертификаттаудан өту


НАСО-НЫҢ НЕГІЗГІ МҮШЕЛЕРІ:
ЖАҢАЛЫҚТАР
PR саласындағы соңғы жаңалықтар мен маңызды оқиғалар
  • XXII Халықаралық PR форум 2026 жылдың 21–22 мамырында Алматы қаласында өтті
    Форум ашық кәсіби диалог, жарқын кейстер және сенім, бедел мен коммуникацияның болашағы туралы маңызды пікірталастарға толы болды.
    Іс-шара барысында, бизнестегі сенімнің маңызды рөлі, CEO-лардың коммуникациядағы орны, PR мен маркетингтің брендтерге ықпалы, күрделі аудиториялармен жұмыс істеу және жаһандық өзгерістер дәуіріндегі ішкі коммуникация мәселелері талқыланды.
    Бір сахнада Қазақстанның жетекші сарапшылары, PR-директорлар, бизнес, медиа және ірі компаниялардың өкілдері бас қосып, тәжірибелерімен, табысты кейстерімен және саланың өзекті инсайттарымен бөлісті.
    Форум аясында Ұлттық корпоративтік медиа байқауы мен Best PR Practice сыйлығы жеңімпаздарын марапаттау рәсімдері де өтті. Іс-шараның қорытынды бөлімі Future Lab / AI-зертханасы болды. Мұнда қатысушылар PR саласына арналған жасанды интеллект құралдарын, аналитиканы, контент генерациясын және процестерді автоматтандыру тәсілдерін талқылады.
  • В Казахстане стартует Национальная сертификация
    PR-специалистов!
    PR-мамандарды ұлттық сертификаттау — Қазақстандағы кәсіби қауымдастықты дамытуға және коммуникациялар сапасын арттыруға бағытталған НАСО РК бастамасы.

    Кімдерге арналған?
    ✔ PR-мамандарға
    ✔ Баспасөз хатшыларына
    ✔ Коммуникация жөніндегі менеджерлерге
    ✔ PR бағытының басшыларына
    ✔ ESG және корпоративтік коммуникация саласының мамандарына

    Сертификаттау дайындықтың бірнеше деңгейін қамтиды — базалық деңгейден сарапшылық деңгейге дейін.

    Сертификаттау қандай мүмкндік береді?
    — кәсіби құзыреттерді растау
    — жеке брендті нығайту
    — нарықтағы кәсіби мойындау
    — кәсіби қауымдастыққа қол жеткізу
    — PR саласындағы заманауи стандарттар мен үздік тәжірибелер

    Алдын ала тіркелу басталды!
  • «Ақ Мерген-2026» XIII Қазақстандық сыйлығының жеңімпаздары анықталды!
    20 ақпанда Алматы қаласындағы AlmaU университетінде финалистердің жобаларын көпшілік алдында қорғау рәсімі өтті.
    Финалға үздік коммуникациялық кейстерді ұсынған 24 компаниядан 30 жоба қатысты.

    Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
    • Ішкі корпоративтік коммуникация — «KMF Life» жобасы, «KMF Банк» АҚ
    • Корпоративтік коммуникация — «TVой Рудный» жобасы, ERG Қызмет көрсету орталығының Mediacenter бөлімшесі
    • Маркетингтік коммуникация — «Онлайн-брондау» жобасы, Kolesa Group
    • Қайырымдылық — «Sheksiz Mumkindikter» жобасы, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры
    • Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік — «SIMKIDS» жобасы, Tele2
    • Digital: цифрлық коммуникация және инфлюенсерлік маркетинг — «Озвучено inDrive2» жобасы, «ITCOMMS» PR агенттігі
    • Әлеуметтік және қоғамдық бағдарламалар — «STEM Hanym» жобасы, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры
    • «Студент таңдауы» номинациясы (AlmaU студенттік қазылар алқасы) — «АlДАНА» жобасы, «KMF Банк» АҚ

    Сыйлық ГРАН-ПРИ иегері — Tele2 компаниясының «SIMKIDS» жобасы.
НАСО РК — Қазақстанның PR-индустриясын дамытуға
және кәсіби диалогты нығайтуға арналған алаң

Телефон
+7 707 677 95 36
АДРЕС:
Алматы қаласы, Медеу ауданы,
Самал-2 шағын ауданы, 58-үй
Email
npraqaz@gmail.com

© 2026 НАСО РК — Қазақстан Республикасының Қоғаммен
байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығы

Біздің сайтты пайдаланбас бұрын төмендегі
құжаттармен танысып шығуыңызды сұраймыз:
• НАСО сайтының пайдалану шарттары
• Құпиялылық саясаты
• Дербес деректерді өңдеуге келісім
Made on
Tilda